jitsu gif
Спорт

    Футболшы Марио Балотелли жол апатына түсті

    Марио Балотелли
    Марио Балотелли. Фото: Giuseppe Maffia/NurPhoto via Getty Images

    "Манчестер Ситидің" бұрынғы ойыншысы Марио Балотелли жол апатына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Адана Демирспор" футбол клубының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.

    Түркияның "Адана Демирспор" футбол клубының шабуылшсы Марио Балотелли Италияда жол апатына түсті. Оқиға 23 қараша кешке Брешианың көшесінде орын алған. Жол таңдамайтын Audi Q8 автокөлігін тізгіндеген Марионың денсаулығына еш зақым келген жоқ. Футболшы оқыс оқиғадан кейін темір тұлпардан аман-есен шығып, алғашқы медициналық көмек алды.

    Айта кетейік, Марио Балотелли 2012 жылы Италия құрамасымен Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Сонымен қатар "Ливерпуль", "Милан", "Ницца" және "Манчестер Сити" сияқты еуропаның топ клубтарында доп тепкен.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.