jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Магомед Адиев Қазақстан футбол федерациясынан бағалы сыйлық алды (фото)

    Магомед Адиев
    Магомед Адиев. Фото: kff.kz

    Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев өзінің Instagram парақшасында ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов көлік кілтін тапсырғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ресейлік маман жаңа көлікті ұлттық құраманың Еуро-2024 іріктеу кезеңінде көрсеткен өнері үшін сыйақы ретінде алған. Қазақстан құрамасы турнирге тікелей жолдама алмаса да, 18 ұпай жинап, тарихтағы ең үздік нәтиже көрсетті.

    "Жомарт сыйлық үшін барша Қазақстанға шексіз алғысымды білдіремін. Мен мұны ішінара лайықсыз деп санаймын, өйткені, менің ойымша, бапкер ретінде де, команда ретінде де жанкүйерлер алдында қалаған нәтижеге жете алмадық. Мен және әріптестерім алға қойған мақсатымызға жету және футболдан Еуропа чемпионатына қатысу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз.

    Біз алдымызда көп жұмыс күтіп тұрғанын мойындаймыз және барлық күш-жігерімізді салып, спортқа деген құштарлық пен адалдықты футбол алаңында жеткіземіз. Мен бұл сыйлықты өте жоғары бағалаймын және бұл мен үшін мотивация ғана емес, сонымен бірге біздің еліміз бен оның халқы алдындағы жауапкершілігімізді еске салады. Бізге сеніп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін барлығыңызға рақмет", - деді Адиев.

    Магомед Адиев Қазақстан футбол федерациясынан бағалы сыйлық алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.