jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Лукашенко отын жарамын деп жарақат алып қалғанын айтты

    Александр Лукашенко
    Александр Лукашенко. Фото: Contributor / Getty Images

    Беларусь президенті Александр Лукашенко таяуда аяғына сүргінің қалыбы түсіп кеткенін айтты. Оның сөзінше, бұл жағдай отын жарып жатқанда болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Лукашенконың осы әңгімесі айтылған видео президенттің баспасөз қызметіне жақын "Пул первого" Telegram-арнасында жарияланды.

    "Отын жарып жатқанмын. Сүргінің қалыбы түсіп кетті, 80 килограмм. Жүрдім-жүрдім - дым болмағандай, бірақ кейін...", - деді Беларусь президенті автомобиль зауытына барған сапарында.

    Жарақат салдарынан, арна авторларына сенсек, Лукашенко өз командасының Могилев облысының қарсыластарына қарсы сенбідегі хоккей матчын өткізіп алған.

    Айтпақшы, президенттің командасы кейінгі ойында жеңіске жеткен. Матчтың үздік ойыншысы 31-ші нөмірдегі Николай Лукашенко болды, ол мемлекет басшысының ұлы.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.