jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Димаш Құдайберген БҰҰ ұйымдарының бірінің ізгі ниет елшісі болды

    Димаш Құдайберген өз концертінде
    Димаш Құдайберген өз концертінде. Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Халықаралық көші-қон ұйымы бүгін тоғыз ізгі ниет елшісін тағайындағанын хабарлады. Тоғыз елшінің бірі – қазақстандық әнші Димаш Құдайберген. Бұл туралы ұйымның сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    БҰҰ-ға қарасты Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде әлемнің түкпір-тұкпірінен атақты әртістер, суретшілер мен спортшылар арасынан тоғыз танымал адам таңдалған. Олар:

    • Ама К. Абебрезе, актриса әрі тележүргізуші, Гана;
    • Николас Марин Бенитес, фотограф, Аргентина/Аруба;
    • Пол Чой, фотограф, Маврикий;
    • Муктар Диакаби, футболшы, Гвинея;
    • Кофи Кинаата, музыкант және бірнеше әннің авторы, Гана;
    • Джанан Муса, баскетболшы, Босния және Герцеговина;
    • Мирела Сула, психолог, журналист және жазушы, Албания;
    • Димаш Құдайберген, әнші және бірнеше әннің авторы, Қазақстан (Азиядағы аймақтық рөлімен); 
    • "Атлетико Пеньяроль" клубы, футбол клубы, Уругвай.

    Dimashnews.com сайтында әншінің мәлімдемесі жарық көрді.

    "Мен Халықаралық көші-қон ұйымының ізгі ниет елшісі ретінде мигранттардың құқығын қорғауды мақтан тұтамын. Әрбір адамның құқы мен мүмкіндіктері үшін аспаны ашық бейбіт әлемді бірге құрайық",- деп мәлімдеді Димаш Құдайберген.

    Димаш Құдайберген БҰҰ ұйымдарының бірінің ізгі ниет елшісі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.