jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық футболшылар мен комментаторлар қандай көлік мінеді

    Бауыржан Исламхан інісімен
    Бауыржан Исламхан інісімен. Фото: instagram/islamkhan_9

    Қазақстан құрамасының бапкері мен футболшылары, сондай-ақ спорт комментаторлары қандай көлік мінетіні белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Соқкер" Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев бағасы шамамен 70 млн теңге тұратын Mercedes автокөлігін айдайды. Мұны оған Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов сыйлаған.

    Дереккөздің мәліметінше, ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген елордада BMW X6 (бағасы шамамен 50 млн тенге), ал Шымкентте Toyota Camry 75 (17 млн теңге) көлігімен көзге түскен. Сондай-ақ оның иелігінде қытайлық Li 9 кроссовері (35 млн теңге) бар.

    Сергей Малый мен Темірлан Ерланов BMW X7 (бағасы шамамен 80 млн теңге) көлігімен қатынайды. Ал Абзал Бейсебековтің темір тұлпары – Lexus 570 (68 млн теңге). Жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан Toyota Highlander-ді (38 млн теңге) тізгіндесе, Бағдат Каиров Toyota Camry 55 (11 млн теңге) көлігін айдайтыны анықталды.

    Қақпашы Игор Шацкий Kia Sportage (15 млн теңге) мінеді, ал Александр Марочкиннің көлігі –Mercedes S Class (30 000 млн теңге).

    Комментаторлар мен спорт журналистерінің көліктері:

    • Елдар Аманбай – Hyundai Santa Fe (18 млн теңге);
    • Ермұхаммед Мәулен – Toyota Land Cruiser Prado (16 млн теңге);
    • Уәлихан Қосанбай – Hyundai Tucson (16 млн теңге);
    • Есей Жеңісұлы – Skoda Superb (9 млн теңге);
    • Ербол Қайыров – Mazda 6 (9 млн теңге);
    • Ерсін Ерік –Hyundai Accent (8 млн теңге);
    • Әлімжан Асқар – Skoda Rapid (7 млн теңге).

    Қазақстандық футболшылар мен комментаторлар қандай көлік мінеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.