jitsu gif
Спорт

    Футболдан Түркия чемпионатының ойыны жаппай төбелеспен аяқталды (видео)

    Жанкүйерлер мен футболшылар арасындағы төбелес
    Жанкүйерлер мен футболшылар арасындағы төбелес. Скриншот: https://twitter.com/61saat/status

    Футболдан Түркия Суперлигасының 30-туры аясында өткен "Трабзонспор" мен "Фенербахче" арасындағы матч төбелеспен аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Кездесу "Трабзонспор" командасының алаңында өтті. Бұл матч 3:2 есебімен "Фенербахче" клубының пайдасына шешілді.

    Ойын аяқталған соң "Фенербахче" футболшылары жеңістеріне қуанып, алаң ортасында көңіл көтерді. Бірақ бұл "Трабзонспордың" жанкүйерлеріне ұнамаған тәрізді. Олар жаппай алаңға жүгіріп шығып, матч жеңімпаздарына тап берді. Осылайша жанкүйерлер мен футболшылар арасында төбелес болды.

    Айта кетейік, Түркия чемпионатының турнир кестесінде "Фенербахче" 79 ұпаймен екінші орында тұр. Ал "Трабзонспор" 30 турдан кейін 49 ұпаймен үшінші сатыға орналасты. Бірінші орынға 81 ұпайы бар "Галатасарай" жайғасқан. Өткен маусымда "Галатасарай" Түркия Суперлигасын жиырма үшінші рет жеңіп, рекорд орнатқан еді.

    Футболдан Түркия чемпионатының ойыны жаппай төбелеспен аяқталды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.