jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Даңдайсыма, қолыңды көтер": Ермахан Ибраимов боксшы Сәкен Бибосыновқа үндеу жасады

    Ермахан Ибраимов
    Ермахан Ибраимов. Фото: youtube.com/@ruslansport

    Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов боксшы Сәкен Бибосыновтың лицензиялық турнирдегі жеңісіне қатысты пікірін айтып, спортшыға үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ спорт журналисі Руслан Бақытжанның YouTube желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының алтын медаль иегері және Азия чемпионатының екі дүркін жеңімпазы Ермахан Ибраимов қазақстандық боксшылардың лицензиялық турнирдегі жеңісіне қатысты пікірін айтты. Соның ішінде 51 келіге дейінге салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Сәкен Бибосыновқа да жеке тоқталды.

    "Сәкеннің өнері ұнады. Бірақ бір қателік жіберіп алды. Оны көп көрермен жақсы біледі. Ең соңғы раундта нокдаунға түсіп қалды. Болмайтын бір соққы. Сәкен осындай қателікті Токио Олимпиадасында да жіберген. Соның кесірінен алтыннан қағылған еді. Боксшыларға айтарым, ол сендердің ғана бастарың емес, бүкіл Қазақстанның басы. Сол себепті соққы өткізбеу керек.

    Жеңісті мерзімінен бұрын тойлауға болмайды. Сәкенмен кездескен кезде осыны тағы бір айтамын. Қолыңды жіберме, даңдайсыма. Жекпе-жек бітті деген белгі болмағанша жеңемін деп ойлама. Гонг болып, қолыңды көтермейінше, жеңіске жеткен жоқсың", – деді Ермахан Ибраимов.

    Еске салайық, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған Сәкен Бибосынов алдағы жоспарын айтқан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.