jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Ұлттық банк футболдан Еуро-2024 турниріне арналған монеталарды айналымға шығарады

    Футбол добы
    Футбол добы. Фото: Robbie Jay Barratt - AMA/Getty Images

    Қазақстан Ұлттық Банкі "Спорт" сериясынан UEFA EURO 2024 коллекциялық монеталарын айналымға шығармақ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық банктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталған коллекциялық монеталар MDM неміс нумизматикалық компаниясымен әріптестік негізде дайындалды. Монеталардың сатуға шығарылатын күніне қатысты ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.

    "Монетадағы футбол добы жер шарын бейнелейді. Допта чемпионат матчтары өтетін қалалар белгіленген Германия картасының контуры бейнеленген. Доптың сыртында турнирдің финалдық бөлігіндегі командалардың санын білдіретін 24 жұлдыз бар", – делінген Ұлттық банктің ресми сайтындағы ақпаратта.

    Монеталар күмістен дайындалған, сынамасы – 925/1000. Монета массасы – 20 грамм, диаметрі – 32 мм, дайындау сапасы – proof және anti-proof. Монетаның номиналы – 100 теңге, жалпы таралымы – 2 500 дана. Қазақстанның ішкі нарығы үшін монета таралымы – 1 500 дана, сыртқы нарық үшін (жоба серіктесі – MDM нумизматикалық компаниясы) – 1 000  дана.

    Еуро-2024 турниріне арналған монеталар
    Еуро-2024 турниріне арналған монеталар. Фото: nationalbank.kz

    Монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің номиналды құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, барлық банкте банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады. Монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірленген сапа сертификаты бар кәдесый қаптамасында шығарылады.

    Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германияда өтеді. Қазақстан құрамасы бұл турнирге өте алмады.

    Ұлттық банк футболдан Еуро-2024 турниріне арналған монеталарды айналымға шығарады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.