jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан туралы 5 қызық факт

    Қабирхан
    Қабирхан. Фото: instagram.com/kabirkhan_qazaqstan

    Ертең, 30 наурызда қазақстандық сәйгүлік Қабирхан Dubai World Cup 2024 жарысына қатысады. KAZ.NUR.KZ тілшісі Қабирхан туралы 5 қызық факт ұсынады.

    1. Аты "ұлы хан" деген мағына береді

    Қазақстандық сәйгүлік Кабирхан
    Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан. Фото: facebook.com/redstablesdubai

    Қабирханның Instagram парақшасындағы ақпаратқа сүйенсек, ол 2020 жылы 3 ақпанда АҚШ-тың Кентукки штатындағы Kehner Thoroughbreds LLC-де туған. Сәйгүліктің есімі кездейсоқ таңдалмапты. "Қабир" сөзі "ұлы" деген мағынаны білдіреді.

    Қабирханды әлемдегі ең ірі асыл тұқымды сәйгүліктер сатылатын Keeneland September Yearling Sale аукционында қазақстандық агент Надир Хасанов 12 мың долларға сатып алған.

    2. Ол осыдан 8 жыл бұрын Dubai World Cup сайысында топ жарған тұлпардың тұқымы

    Калифорния Хром
    Калифорния Хром: instagram.com/kabirkhan_qazaqstan

    Қабирхан – танымал тұлпар Калифорния Хромның тұқымы. Ол 2016 жылы Dubai World Cup жарысында (сол кездегі ең қымбат сайыс) жеңіске жеткен. Бұл додаға Қабирхан 30 наурызда қатысады.

    Сондай-ақ Калифорния Хром Black-Type санатындағы көптеген cайыста жүлде алып, Кентукки Дербиінің барлық жеңімпазының арасында 14 752 650 доллар жүлдесiмен бiрiншi орынға шыққан. Қазіргі уақытта бұл сәйгүлік – Жапонияның ең табысты жылқы зауыттарының бірі Arrow Stud-тың айғыры.

    3. Енесі аукционда бар болғаны 1000 долларға сатылған

    Литтл Эмили
    Литтл Эмили. Фото: instagram.com/kabirkhan_qazaqstan

    "Қабирханның енесі Литтл Эмили – құтты құрсақты бие. Оның құлындарының арасында Semi Sweet (121,642 $) және Blunt Force (225,313 $) биелерi бар. Дегенмен, үлкен жетістікке жеткен ұрпағы, ол – Қабирхан. Содан кейін ол тағы екі еркек құлын туды: Yoshida-дан (жарыс жолына әлі шықпады) және Global Campaign-нен. Соңғысы, Тілек Мұқанбетқалиевке (Қабирханның иесі) тиесілі және жаттықтырушысы Арслангирей Шавуевтің қол астында 2024 жылғы жарыс маусымына дайындалуда", – делінген Қабирханның Instagram парақшасындағы жазбада.

    Литтл Эмили 2023 жылдың қаңтарында Keeneland аукционында бар болғаны 1000 долларға сатылған.

    4. Жаттықтырушысы – БАӘ-нің cегіз дүркін чемпионы

    Бапкер Даг Уотсон және Қабирханның иесі Тілек Мұхамбетқалиев
    Бапкер Даг Уотсон және Қабирханның иесі Тілек Мұхамбетқалиев. Фото: instagram.com/kabirkhan_qazaqstan

    Қабирханның бапкері Даг Уотсон Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақытта сегіз мәрте чемпион атанып, 600-ден аса жеңімпаз дайындаған.

    2019 жылдың 7 қарашасында Даг Уотсон тарихқа енді. Сол күні 58 жастағы жаттықтырушы Мейдан ипподромындағы барлық 6 жарыста сәйгүліктері жеңіске жеткен алғашқы бапкер атанды. Сонымен бірге, Қабирхан Al Maktoum Challenge-де топ жарып, Уотсанның қоржынына алғашқы G1 жарысындағы кубогты алып келдi.

    5. Қабирхан туралы ән бар

    "Қабирхан жүйрік" деп аталатын туындының сөзін ақын әрі сазгер Медет Нұрқали жазған. Ал әуенін шығарған және әнді орындаған – "Алашұлы" тобының бұрынғы мүшесі Әзімбек Байлин. Бұл әннің шығуына Қабирханның иесі Тілек Мұхамбетқалиевтың жолдастары себеп болған.

    Қазақстандық сәйгүлік Қабирхан туралы 5 қызық факт

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.