jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Жарты ғасырдан астам "Ертіс" футбол клубына жанкүйер болған қария дүниеден өтті

    Анатолий Шушканов
    Анатолий Шушканов. Фото: pavlodarnews.kz

    Павлодарлық "Ертіс" футбол клубының жанкүйері Анатолий Шушканов 85 жасқа қараған шағында көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Анатолий Шушканов "Ертіске" 1971 жылдан бері жанкүйер болды. Оны футбол сүйер қауым "Хоттабыч" деп атаған.

    ""Ертіс" футбол клубының атынан Анатолий Шушкановтың отбасына көңіл айтамыз. Ол ұзақ жылдар бойы командамызға адалдықтың нағыз бейнесі болды. Анатолий Дмитриевичті ешқашан ұмытпаймыз", – деді клуб директоры Ермек Ермекбай.

    Марқұм екі жыл бұрын денсаулығының нашарлауына байланысты қызы тұратын Выборг қаласына көшуге мәжбүр болды. Кетерінде "Ертістің" қайта жаңғыратынына сенім білдіріп, павлодарлық жанкүйерлерді белсенді болуға шақырды.

    "Павлодар футболына шын жүректен жанкүйер болыңыздар. Белсенді болып, стадионды у-шу азан-қазан етіңіздер. Бір ретте менен бір ер адам: "Неге осыншама айқайлап тұрсың?" деп сұрады. Мен болсам – "Театрда емеспін!" дедім", – деген еді ақсақал.

    Жарты ғасырдан астам "Ертіс" футбол клубына жанкүйер болған қария дүниеден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.