jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Шапан жауып шығарып салды": футболдан Қазақстан құрамасы Магомед Адиевпен қоштасты (видео)

    Магомед Адиев және ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов
    Магомед Адиев және ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов. Фото: instagram.com/kff_team

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы және Қазақстан футбол федерациясы ұжымы Магомед Адиевпен қоштасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Магомед Адиев 31 мамырда футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кеткен еді. Оның орнына ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды.

    "Футболшылар мен әкімшілік штабы Магомед Мұсаұлына ұмытылмас эмоция сыйлағаны үшін алғыс білдірсе, ҚФФ ұжымы бапкерге кестелі шапан кигізіп, шығарып салды", - делінген Қазақстан футбол федерациясының Instagram желісіндегі жазбасында.

    46 жастағы Адиев Қазақстан құрамасын 2022-2024 жылдар аралығында жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 21 матчқа қатысып, 11 рет жеңсе, 9 мәрте жеңіліс тапты. Сонымен бірге бір ойында қарсыласпен тең түсті.

    Бүгін, 7 маусымда Қазақстан ұлттық құрамасы Арменияға қарсы жолдастық матч өткізеді. Ойын Астана уақытымен 21:00-де басталады және Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

    "Шапан жауып шығарып салды": футболдан Қазақстан құрамасы Магомед Адиевпен қоштасты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.