jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Ішкі істер министрі Геннадий Головкинді арнайы медальмен марапаттады

    Ержан Саденов пен Геннадий Головкин
    Ержан Саденов пен Геннадий Головкин. Фото: Polisia.kz

    Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Полиция ведомствосында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұл ынтымақтастық туралы келісімнің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, елімізде олимпиадалық қозғалыстың тұрақты дамуын қамтамасыз ету.

    "Бүгінгі кездесу спортты дамыту мен жоғары нәтижелерге қол жеткізудегі өзара іс-қимылымызды жалғастырады деп сенемін. Тәуелсіздік жылдары олимпиада ойындарында жеңіп алған 71 медальдің 66-сы “Динамо” қоғамынан шыққан спортшыларға тиесілі екенін атап өткім келеді", - деді Ішкі істер министрі Ержан Саденов.

    Тәжірибелі боксшы Геннадий Головкин де осы "Динамо" қауымдастығынан түлеп шыққан. Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы отандық спортты дамыту бірлескен күш-жігер мен еңбекті қажет ететін жауапты іс деп санайды.

    "ҰОК біздің олимпиадашыларды даярлауда Ішкі істер министрлігінің қолдауын жоғары бағалайды. Біздің ынтымақтастығымыз Қазақстанда спортты одан әрі дамытуға және спортшыларымызды әлемдік аренадағы жаңа жеңістерге жетелеуге ықпал ететініне сенімдімін. Бәрімізде бір міндет. Бірлесіп жұмыс істейміз", - деді Геннадий Головкин.

    Кездесу соңында ІІМ басшысы халықаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Геннадий Головкинді ведомстволық медальмен марапаттады.

    Ішкі істер министрі Геннадий Головкинді арнайы медальмен марапаттады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.