jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионы атанып, рекорд орнатты

    Фаина Мейірманова
    Фаина Мейірманова. Фото: instagram.com/qazathletics

    Тайбэйде өткен сурдо-жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Фаина Мейірманова алтын медаль еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Фаина Мейірманова биіктікке секіруден жас сурдо спортшылар арасында әлемдік рекорд орнатты.

    "Біз сені мақтан тұтамыз, Фаина! Шыңдарды бағындырып, айналаңыздағылардың барлығын шабыттандырыңыз! Спортшының жеке жаттықтырушысы Богдан Весельскийді де құттықтаймыз!", - делінген хабарламада.

    Фаина биыл сәуірде Дубайда (БАӘ) өткен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында биіктікке секіруден күміс жүлде иеленді. Спортшының көрсеткіші 1 метр 76 сантиметр болған еді.

    Еске салайық, қазақстандық жеңіл атлет Елизавета Матвеева Олимпиада ойындарында тұңғыш рет өнер көрсететінін жазғанбыз. 26 шілдеде басталатын Париж Олимпиадасында жеңіл атлетикадан 7 спортшы Қазақстан намысын қорғайды.

    Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионы атанып, рекорд орнатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.