jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Біреудің кешірім сұрағаны маңызды емес": танымал тележүргізуші Елдос Сметовті құттықтады

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Фото: Instagram/sultankyzy

    Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Париждегі жазғы Олимпиада чемпионы Елдос Сметовті жеңісімен құттықтады. Ол Instagram желісіндегі парақшасында дзюдошыға сенбегендерге қатысты да ойын айтты.

    Ләйлә Сұлтанқызы Елдос Сметовтің жеңісінен кейін Қазақстан дзюдо федерациясы PR менеджерінің сөзін мысалға келтірді.

    "Қазақстан дзюдо федерациясының PR менеджері Айгерім Тоқсанбектің "Осыдан кейін "Елдосты шал болды, жастарға орын беру керек, кетсін" дегендер жеке-жеке кешірім сұрау керек деп ойлаймын!" деген жазбасын оқып, Елдос осы жолы Олимпиадаға қандай ішкі "күреспен" барғанын түсінуге болар.

    "Бұйырған кетпейді" демекші, Елдосқа біреудің кешірім сұрағаны маңызды емес екені жүзінен-ақ көрініп тұр. Артында ұлына сенген отбасы мен елі тұр. Биіксің! Мықты екеніңді дәлелдедің, Елдос! Құттықтаймын! Жүлдеміз, жеңісті күндеріміз көп болғай", - деді ол.

    "Біреудің кешірім сұрағаны маңызды емес": танымал тележүргізуші Елдос Сметовті құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.