jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Венесуэла президенті Мадуро миллиардер Илон Маскты жекпе-жекке шақырды

    Николас Мадуро
    Николас Мадуро. Фото: Carolina Cabral / Getty Images

    Венесуэла президенті Николас Мадуро америкалық миллиардер Илон Маскты жекпе-жекке шақырды. Маск ұсынысты қабылдап, Мадуро жеңсе, Марсқа билет беретінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Барлығы Масктың X әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мадуроның Венесуэладағы соңғы президент сайлауының нәтижелерін бұрмалады деп мәлімдеуінен басталған.

    "Мадуроның сайлауды бұрмалауы", - деп жазды Маск.

    "РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, Модуро Маскты "Венесуэланың жаулары" қатарына жатқызып, сыртқы күштердің сайлауға араласқанын айтқан. Ол сондай-ақ Маск Венесуэланы басқару идеясына құмар екенін айтты.

    Осыдан кейін Мадуро Венесуэла ұлттық телеарнасының эфирінде Маскты жекпе-жекке шақырды.

    "Төбелескің келе ме? Кел, Илон Маск! Мен сенен қорықпаймын", - деді Мадуро.

    Маск Х желісіндегі парақшасында Венесуэла басшысының шақыруын қабылдағанын мәлімдеді.

    Бұл ретте кәсіпкер шарт қойды: егер ол жеңсе, онда Мадуро қызметінен кетеді. Ал егер президент жеңсе, Мадуро Марсқа тегін ұша алады.

    Өз кезегінде Мадуро Маск ұсынған шарттарға жауап берді.

    "Маск менің шақыруымды қабылдады. Илон Маск, жасайық, бірақ мұнда кел, мен осындамын. Жеңіске жетсем, Марсқа бару туралы ұсынысыңды қабылдаймын, бірақ сен менімен бірге ұшасың", - деді Мадуро журналистерге.

    Еске салсақ, 28 шілдеде Венесуэлада президент сайлауы өтті. Саяси додада елдің қазіргі президенті Николас Мадуро жеңіске жеткен. Алайда оппозиция өкілдері 2018 жылғы сайлаудағыдай нәтижелердің бұрмаланғанына сенімді екендерін мәлімдеген.

    Кейін сайлау нәтижесіне байланысты елде жаппай наразылықтар басталып, жүздеген адам көшеге шыққан.

    Венесуэла президенті Мадуро миллиардер Илон Маскты жекпе-жекке шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.