jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    Түркістандықтар енді ашық аспан астында тоғызқұмалақ ойнай алады

    Тоғызқұмалақ ойыны
    Тоғызқұмалақ ойыны. Фото: gov.kz

    Түркістан тұрғындары енді қазақтың ұлттық ойыны – тоғызқұмалақты ашық аспан астында ойнай алады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Қазақтың ұлттық ойыны соңғы жылдары ерекше дамып келеді. Осы мақсатта Түркістан қаласындағы Этноауылда тоғызқұмалақ аллеясы ашылды. Енді қала қонақтары мен тұрғындары ашық аспан астында ойнай алады.

    "Бұл бастамаға Дүниежүзілік Көшпенділер ойынын қолдау мақсатында Түркістанның тумасы, Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов ұйытқы болып, облыс орталығына сый жасады", - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

    Дүниежүзілік және Республикалық Тоғызқұмалақ федерациясының Президенті, қоғам қайраткері Әлихан Байменов өз сөзінде бұл шара зияткерлік пен дәстүрді тоғыстыратын тоғызқұмалақ спорт түрінің рухани шаһарда қарқынды дамуына жол ашады деді.

    Шара барысында алғашқы сайысы ұйымдастырылып, жеңімпаздарға арнайы сый-сияпат ұсынылды. Алдағы күндері төрт тоғызқұмалақ тақтасы орнатылып, ел игілігіне беріледі.

    Айта кетейік, Түркістанда былтыр ашылған Балалар және жасөспірімдер спорт клубында қазақ халқының мұрасына айналған тоғызқұмалақ үйірмесі бар. Мұнда бір жаттықтырушы көптеген шәкірт тәрбиелеп, ұлттық спортқа баулып жүр.

    Түркістандықтар енді ашық аспан астында тоғызқұмалақ ойнай алады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.