jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: VCG/VCG via Getty Images

    Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында "Киелі мекен" әнін орындады.

    Бұл нөмірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожиновтың жетекшілігімен "NOMAD STUNTS" кәсіби каскадерлер тобы қатысты.

    Димаш Құдайбергеннің ашылу салтанатында шырқаған әнінен кейін ежелгі көшпенділердің күші мен рухын сипаттайтын арнайы спектакльдер басталды.

    Айта кетейік, бүгін, 8 қыркүйекте Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталған болатын.

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Бұл дода елімізде тұңғыш рет өтіп жатыр. Қатысушылар 21 спорт түрінен бақ сынайды. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

    Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.