jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Демеу Жадыраев испаниялық футбол клубының жанкүйері екенін айтты

    Демеу Жадыраев
    Демеу Жадыраев. Фото: Luke Hales/Getty Images

    Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев бос уақытында футбол ойнағанды және көргенді ұнататынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қызық Times" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық балуан Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс медаль жеңіл алған еді. Ол финалда жапон спортшысы Нао Кусакадан 5:2 есебімен жеңілді.

    Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев бос уақытында футбол ойнағанды ұнататынын "Қызық Times" бағдарламасына келгенде айтты.

    "Футболды жақсы көремін. Испаниялық "Атлетико Мадридке" жанкүйермін. Ал Қазақстанда "Қайратты" қолдаймын", - деді балуан.

    Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж боз кілеміндегі алғашқы белдесуінде Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын 8:0 есебімен жеңген еді. Кейін ол ширек финалда екі дүркін әлем чемпионы қырғызстандық Ақжол Махмудовтан басым түсті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.