jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Отбасы футболға жақын болғанын қалайды": "Реал Мадридтің" әнұранымен басталған үйлену тойы жұртты тәнті етті (видео)

    Азамат Ұланов пен қалыңдығы
    Азамат Ұланов пен қалыңдығы. Скриншот: instagram.com / azamat_ulanow

    Қырғызстандық белгілі актер Азамат Ұлановтың үйлену тойында мадридтік "Реал" футбол клубының әнұраны шырқалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Белгілі қырғызстандық актер Азамат Ұлановтың үйлену тойында мадридтік "Реал" клубының әнұраны қойылды. Өнер иесі Instagram желісіндегі ресми парақшасына қалыңдығы екеуінің тойдағы видеосын жариялады. Бұл видеодан Азамат Ұланов пен қалыңдығы мадридтік "Реалдың" әнұранымен шығып жатқанын көруге болады.

    Бұл видеоны тамашалаған желі қолданушылары да түрлі пікірлер жазып кеткен.

    "Футбол формасын киіп, доп теуіп шығуы керек еді"; "Хала, Мадрид"; "Неге "Реал Мадридтің" әнұранымен шықтыңдар?"; "Реалды" көтерген жігіт секілді жүр"; "Баламның атын Криштиану деп қоямын"; "Ол өз отбасының футболға жақын болғанын қалайды".

    Айта кетейік, мадридтік "Реал" клубы әлем футболындағы ең көп кубок жеңген командалардың бірі. 15 мәрте УЕФА Чемпиондар лигасын, 35 мәрте Испания чемпионатын, 20 мәрте Испания кубогын жеңіп алған.

    "Отбасы футболға жақын болғанын қалайды": "Реал Мадридтің" әнұранымен басталған үйлену тойы жұртты тәнті етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.