jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Головкин World Boxing ұйымдастырған тұңғыш әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: Ben McShane/Getty Images

    Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин бокстан алғаш рет өтіп жатқан U19 әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы комитетке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұлттық олимпиадалық комитеттің ресми сайтында жарияланған мәлімет бойынша, U19 әлем чемпионаты АҚШ-тың Пуэбло қаласында өтіп жатыр.

    Шарада сөз алған Геннадий Головкин әлем біріншілігінің маңызына тоқталып, бұл дода спорттағы жаңа дарындардың жұлдызын жағуға көмектесетін алаң ғана емес, сонымен бірге түрлі елден келген жас боксшылардың бірлігі мен достығының белгісіне айналатынына сенімді екенін жеткізді. 

    Әлем чемпионатында 30 елден 180 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан намысын Ерасыл Аманғалиев (55 кг-ғадейінгі салмақта), Асылхан Көшербай (65 кг-ға дейінгі салмақта), Диас Серікұлы (70 кг-ға дейінгі салмақта), Даниял Райымбеков (85 кг-ға дейінгі салмақта) қорғайды.

    Алғашқы болып рингке Диас Серікұлы шықты. Ол Алжир командасының өкілі Ислам Дахлалды жеңді. 

    Еске салсақ, бұған дейін Геннадий Головкин World Boxing Олимпиадалық комиссияның төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

    Головкин World Boxing ұйымдастырған тұңғыш әлем чемпионатының ашылу салтанатына қатысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.