jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Бақыт деген осы": ұл-қыздарымен ойнап жатқан Елдос Сметов көпшілікті тәнті етті (видео)

    Елдос Сметов
    Елдос Сметов. Скриншот: instagram.com/dop_media.kz

    Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовтің ұл-қыздарымен түсірген видоесы көпшілікті тәнті етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Әлеуметтік желіде тараған бұл видеодан Елдос Сметовтің ұл-қыздарымен ойнап, тілдесіп, тіпті қыздары оның шашын буып жатқанын да көруге болады. Арасында Елдос Сметов өз балаларынан: "Әкелеріңнің аты кім?" - деп әзілдеп сұрақ қояды.

    Бұл видеоны тамашалаған желі қолданушылары да ыстық ықыластарын жеткізіп, Елдос Сметов пен оның балаларына амандық-саулық тілеп жатыр.

    "Елдос секілді балаларымызға мейірімді болайық", "Бүкіл әлемнің қошеметі тең келмес балалардың қуанышына", "Бақыт деген осы емес пе?!", "Тіл-көзден аман болсын", "Көз тимесін", "Балаларыңыз аман болсын", "Аман болсын, қошақандар".

    Айта кетейік, биыл Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарында Елдос Сметов дзюдодан 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған болатын.

    "Бақыт деген осы": ұл-қыздарымен ойнап жатқан Елдос Сметов көпшілікті тәнті етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.