jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әйгілі футболшы Неймар семейлік командаға арнап видео түсірді

    Футболшы Неймар
    Футболшы Неймар. Фото: Photo by Francois Nel/Getty Images

    Бразилия футбол құрамасы мен "Әл-Хиляль" клубының ойыншысы Неймар "Семей" футзал командасына видео жолдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Неймардың видеосы семейік клубтың Instragram желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.

    "Семей" командасына жаңа маусымда сәттілік тілеймін. Сау болыңдар!", - деді Неймар.

    32 жастағы Неймар 2023 жылдың тамызынан бері Сауд Арабиясының "Әл-Хиляль" клубында ойнайды. Оған дейін "Барселона", "ПСЖ" командаларында өнер көрсеткен. Ол Бразилия құрамасының тарихындағы ең үздік бомбардир (79 гол). Transfermarkt порталының мәліметінше, Неймардың трансферлік нарықтағы құны – 30 млн еуро.

    Айта кетейік, "Семей" футзал клубы 1-2 қараша аралығында Қазақстан чемпионатының жаңа маусымы аясындағы алғашқы матчта өз алаңында алматылық "Қайратпен" кездеседі.

    Өткен аптада "Семей" ұжымы венгриялық "Халадас" командасын жеңіп, УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне соңғы жолдаманы иеленген болатын.

    Әйгілі футболшы Неймар семейлік командаға арнап видео түсірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.