jitsu gif
Спорт

    Танымал мобилограф Қыран Талапбек футбол аңызы Роналдиньомен кездесті (видео)

    Қыран Талапбек пен Роналдиньо
    Қыран Талапбек пен Роналдиньо. Скриншот: instagram.com/kyran_talapbek

    Танымал мобилограф Қыран Талапбек әлем футболының аңызы Роналдиньомен кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қыран Талапбек Instagram желісіндегі ресми парақшасында бразилиялық футболшы Роналдиньомен кездескен видеосын жариялады.

    "Балалық шағымдағы аңыз адам", - деп жазды Қыран Талапбек видеоның сипаттамасына.

    Сондай-ақ бұл видеоға қатысты оң көзқарас танытып, өз пікірлерін білдіріп жатқан жандар да жетерлік.

    "Бізді футболға ғашық еткен сиқыршы адам"; "Бразилиялық аңыз футболшы"; "Жолың болған екен, нағыз аңыз адамды көрдің"; "Роналдиньо үшін лайк басамын"; "Сенен бақытты адам жоқ шығар"; "Осы адамды көру арман ғой".

    Айта кетейік, Роналдиньо Бразилия құрамасы сапында 1999-2013 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Ал клубтық деңгейде "ПСЖ" (Франция), "Барселона" (Испания), "Милан" (Италия), бразилиялық "Гремио", "Фламенго", "Атлетико Минейро", "Флуминенсе" клубтарында ойнаған.

    Сондай-ақ ол 2002 жылы өткен әлем чемпионатында Бразилия құрамасы сапында жеңімпаз атанған. Ал 2005 жылы әлемнің үздік футболшысына табысталатын "Алтын доп" жүлдесін еншіледі.

    Танымал мобилограф Қыран Талапбек футбол аңызы Роналдиньомен кездесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.