jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Мен де футбол жанашырымын": экс-министр Маржықпаев өзіне қатысты тараған қауесетке жауап берді

    Ермек Маржықпаев
    Ермек Маржықпаев. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Бұрынғы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан футбол федерациясының басшысы қызметіне үміткер болу жоспарында жоқ екенін мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Осыған дейін әлеуметтік желіде Ермек Маржықпаев ҚФФ басшысы лауазымына үміткерлердің бірі екені туралы ақпарат тараған еді. Бұған қатысты Маржықпаев Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

    "Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына менің кандидатурамды ұсыну бойынша ақпаратқа түсініктеме беріп өтейін. Бұл қызметті атқару менің еш жоспарымда жоқ. Сіздер сияқты мен де футбол жанашырымын. Сондықтан да бұл спортта біздің ұлы жеңістеріміз әлі алда екеніне сенімдімін", - деп жазды Маржықпаев.

    8 қарашада ҚФФ басшысы Әділет Барменқұлов өз еркімен қызметінен кеткен еді. Ол осы қызметті 2022 жылдың ақпанынан бері атқарды. Федерация жарғысына сәйкес, жаңа президент ҚФФ кезектен тыс конференциясында сайланады.

    "Мен де футбол жанашырымын": экс-министр Маржықпаев өзіне қатысты тараған қауесетке жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.