jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Назым Қызайбай Елдос Сметовтен қарызға мың доллар сұрап қоңырау шалды (видео)

    Демеу Жадыраев, Елдос Сметов, Назым Қызайбай, Ғұсман Қырғызбаев
    Демеу Жадыраев, Елдос Сметов, Назым Қызайбай, Ғұсман Қырғызбаев. Фото: instagram.com/nazym_kyzaibay09

    Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, танымал боксшы Назым Қызайбай тележүргізуші Динара Сәтжанның Late night show бағдарламасында дзюдошы Елдос Сметовке пранк жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бағдарлама барысында Назым Қызайбай дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке пранк жасады. Ол ең алдымен Елдос Сметовке телефон арқылы хабарласып, қарызға ақша сұрады.

    "Маған көп емес, мың доллардай ғана керек, бірер күнде қайта салып жіберемін", - деді Назым Қызайбай. 

    Елдос Сметов оған жауап ретінде бұл мәселені қарастыратынын, сәлден соң қайта хабарласатынын айтты.

    Сондай-ақ Назым Қызайбай елге келгеннен кейін өзіне табыс етілген автокөліктерді неге сатқанын түсіндірген болатын. Айта кетейік, биыл жазда Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарында Елдос Сметов дзюдодан алтын медаль еншілесе, боксшы Назым Қызайбай қола жүлдеге қол жеткізді.

    Назым Қызайбай Елдос Сметовтен қарызға мың доллар сұрап қоңырау шалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.