jitsu gif
Спорт

    Шымкент спортшылары биыл халықаралық және республикалық жарыстарда 2000-нан аса жүлде иеленген

    спорт
    Көрнекі фото: pexels.com

    Шымкент спортшылары биыл халықаралық және республикалық жарыстарда 2000-нан аса жүлде иеленген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласының спортшылары бүгінгі таңда республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, 2144 жүлделі орынға ие болған.

    • Қазақстан чемпионаттары: 668 алтын, 557 күміс, 669 қола медаль; • Азия чемпионаттары: 68 алтын, 60 күміс, 39 қола медаль; • Әлем чемпионаттары: 32 алтын, 25 күміс, 16 қола медаль.

    Қаланың спорттық жетістіктерін қамтамасыз еткен кәсіби мамандар:

    • 2 ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы; • 15 халықаралық дәрежедегі спорт шебері; • 83 ҚР спорт шебері; • 614 спорт шеберлігіне үміткер спортшылар.

    Қазақстанның Ұлттық құрамасында Шымкенттен 1284 спортшы ел намысын қорғап жүр:

    • Ересектер құрамасы – 423 спортшы; • Жастар құрамасы – 461 спортшы; • Жасөспірімдер құрамасы – 400 спортшы.

    Қыркүйек айында Астана қаласында өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Шымкенттен 18 спортшы 10 спорт түрінен қатысып, 16 жүлделі орынға ие болды:

    • 7 алтын; • 5 күміс; • 4 қола медаль.

    Бокстан жастар арасында Санжар-Әли Бегалиев 75 келі салмақта жеңімпаз атанды.

    • Дзюдодан жастар арасында Талғат Орынбасар қола жүлдеге ие болды. • Тоғызқұмалақтан ересектер арасында Ғалымжан Темірбаев пен Салтанат Сапарбекова топ жарды.

    • Мангала ойынынан Қуанышбекова Айгерім 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды. • "Қазақстан барысы" турнирінде Ерсұлтан Мұзаппаров күміс жүлде иеленді.

    Шымкент спортшыларының бұл жетістіктері қалада спорттың қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдеп отыр.

    Шымкент спортшылары биыл халықаралық және республикалық жарыстарда 2000-нан аса жүлде иеленген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.