jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте 19 мыңнан астам бала мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында секцияларға қатысып жүр

    Бапкер мен шәкірт
    Бапкер мен шәкірт. Көрнекі фото: pexels.com

    Шымкентте 19 мыңнан астам бала мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында секцияларға қатысып жүр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту үшін мемлекеттік спорттық тапсырыс табысты жүзеге асырылуда.

    Мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша биыл 18 спорт түрі бойынша 19 073 баланы спорттық секциямен қамтамасыз ету үшін 2 866,2 млн теңге қаралған. Бүгінде 120 мердігер жұмыс істейді.

    Олар балаларды келесі спорт түрлерімен қамтып отыр:

    • 15 олимпиадалық спорт түрі (баскетбол, бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, волейбол, көркем гимнастика, дзюдо, каратэ, таэквондо, жеңіл атлетика, теннис, үстел теннисі, футбол, жүзу);

    • 2 олимпиадалық емес спорт түрі (футзал, шахмат);

    • 1 ұлттық спорт түрі (қазақ күресі).

    Келесі жылы мемлекеттік спорттық тапсырысты жүзеге асыруға 3 909,0 млн теңге бағыттау көзделіп отыр. Бұл қаржыландыру спорттық секцияларға қамтылған балалар санын арттыруға және жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.

    Шымкент қаласында мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша секцияларға кезекке жазылу мен ваучер беру тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл жүйе ата-аналар мен балаларға спорттық үйірмелерді таңдауды жеңілдетіп, олардың қолжетімділігін арттырады.

    Шымкентте 19 мыңнан астам бала мемлекеттік спорттық тапсырыс аясында секцияларға қатысып жүр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.