Спорт

Зектілері

Танымал ресейлік әнші Қазақстандағы футбол матчында өнер көрсетуге қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

МакSим
МакSим. Фото: instagram.com/maksimartist

Танымал ресейлік әнші МакSим (Марина Абросимова) жақында Қазақстанда өткен гастрольдік сапары туралы әсерін бөлісіп, еліміздің футбол матчында өнер көрсету мүмкіндігіне қатысты ойын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстанға үлкен концерттермен келу мен үшін үлкен қуаныш. Астана мен Алматыда кеңейтілген бағдарламада өнер көрсеттік. Концертке келгендердің сирек айтылатын әндерімді, мысалы, "Иди" және "Стала свободней" секілді туындыларды жатқа айтып, бірге шырқайтынына таңғалдым. Концерттен кейін мен фан-клубымның мүшелерімен кездестім, таныс жүздерді көрдім – олардың кейбірімен 10 жылдан астам уақыттан бері таныспыз.

Маған барқыттан тігілген, керемет қолмен кестеленген шапан сыйлады. Бұл өте шебер жұмыс екені көрініп тұр. Өзім де шығыс елдерінің бірінде өскендіктен, қазақ халқының мәдениеті мен менталитеті маған жақын, әрі мұндай қолөнердің қаншалықты еңбек пен махаббатты қажет ететінін түсінемін", - деді әнші МакSим.

Сондай-ақ журанлист "Спартак" стадионында әншінің "Знаешь ли ты" әнін мыңдаған жанкүйермен бірге орындағанын, осы орайда Қазақстандағы футбол матчында да өнер көрсетуге қалай қарайтыны жөнінде сұрақ қойды.

"Стадионда өнер көрсету – ерекше сезім. Мұндай сәтте мен көрермендердің энергиясын сезініп, сол қуатты қайта сыйлаймын. Әсіресе, ерлер хорының қуатты дауыстарын естігенде, ерекше синергия пайда болады. Қазақстанда да осындай спорттық іс-шарада өнер көрсетуге қуана келісер едім. Спорт тақырыбы маған жақын, сондықтан қоғамның спортқа қызығушылығын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдаймын", - деді әнші.

Еске сала кетейік, қыркүйекте МакSим Мәскеуде өткен "Спартак" клубының аңыздары матчында "Знаешь ли ты" хит әнін орындаған еді. 45 мың көрермен сыятын стадионда ол жиналған көпшілікпен бірге осы әнін шырқаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2197041-tanymal-reseilik-anshi-qazaqstandagy-futbol-matchynda-oner-korsetuge-qatysty-pikir-bildirdi/