jitsu gif
Спорт

    Тоқаев Геннадий Головкинді қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев, Геннадий Головкин
    Қасым-Жомарт Тоқаев, Геннадий Головкин. Фото: akorda.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Бұл жөнінде Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, президентке Ұлттық олимпиада комитетінің атқарған жұмысы және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілген.

    "Геннадий Головкин спорт инфрақұрылымын жақсарту, қазақстандық спортшыларды тыңғылықты даярлау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін көтеру жөнінде салалық министрлікпен бірге қабылданған шаралар туралы айтты.

    Қасым-Жомарт Тоқаев ҰОК алдында олимпиадалық спорт түрлерін ілгерілету мен күшейту бойынша маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. Президенттің айтуынша, құрама командаларымыздың әлемдік бәсекелердегі нәтижелерін арттыра түсу қажет", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Бұған қоса мемлекет басшысы Геннадий Головкинді Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болып тағайындалуымен құттықтады.

    Тоқаев Геннадий Головкинді қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.