jitsu gif
Спорт

    "Атамыз батасын берді": қазақстандық боксшы ақын Мұхтар Шахановпен кездесті (фото)

    Мұхтар Шаханов пен Сұлтан Заурбек
    Мұхтар Шаханов пен Сұлтан Заурбек. Фото: instagram.com/sultanzaurbek

    Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (19-0, 13 КО) Instagram желісіндегі ресми парақшасында ақын Мұхтар Шахановпен бірге түскен фотосын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    28 жастағы кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек Мұхтар Шахановпен кездесті. Ақын боксшыға батасын берген.

    "Аңыз адам. Атамыз көріп батасын берді, аман болыңыз. Көргеніме қуаныштым", - деп жазды Сұлтан Заурбек.

    Еске салайық, 7 желтоқсанда Ирландияда Сұлтан Заурбек аольшалық Дамиан Вржесинскиді (28-3-2, 7 КО) төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген болатын. Бұл жекпе-жекте Сұлтан Заурбек WBA Continental чемпиондық белбеуін сарапқа салған болатын. Сұлтан Заурбектің кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерін британиялық Wasserman Boxing промоутерлік компаниясы ұйымдастырады.

    "Атамыз батасын берді": қазақстандық боксшы ақын Мұхтар Шахановпен кездесті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.