jitsu gif
Спорт

    Қырғызстан ел тарихындағы бокстан тұңғыш Олимпиада жүлдегері туралы көркем фильм түсірмекші

    Мұнарбек Сейітбекұлы
    Мұнарбек Сейітбекұлы. Фото: Mauro Pimentel - Pool/Getty Images

    Т.Океев атындағы "Қырғызфильм" киностудиясы Париж Олимпиадасында күміс медаль иеленген қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы туралы "Бір туғандық жеңіс" (Бир туугандык жеңиш) атты көркем фильмнің синопсисін жазуға конкурс жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қырғызфильм" киностудиясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Киностудияның мәліметінше, конкурсқа ұзақтығы 90 минуттық толықметражды көркем фильмнің синопсисі ұсынылуы тиіс.

    Бұл жоба Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің бірлескен киножобасы болып саналады. Жеңімпазды үш елдің өкілдерінен құралған комиссия анықтайды.

    Айта кетейік, қырғызстандық боксшы Мұнарбек Сейітбекұлы биыл жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарында 57 кг дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені қанжығасына байлаған болатын. Ол финалда өзбекстандық былғары қолғап шебері Абдумалик Халоковке есе жіберіп қойды.

    Осылайша ол Қырғызстан тарихында бокстан Олимпиаданың тұңғыш жүлдегері атанды.

    Қырғызстан ел тарихындағы бокстан тұңғыш Олимпиада жүлдегері туралы көркем фильм түсірмекші

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.