jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Үш дүркін Азия чемпионы атанған қазақстандық гимнаст спорттық мансабын аяқтады

    Эльжана Таниева
    Эльжана Таниева. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық гимнаст Эльжана Таниева Instagram желісіндегі парақшасында кәсіби мансабын аяқтайтыны туралы жазды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    20 жастағы Эльжана Таниева көркем гимнастикадан үш дүркін Азия чемпионы. Сондай-ақ ол екі рет Азия ойындарының күміс жүлдегері атанған.

    "Кәсіби мансабыммен қоштасамын. Бұл мен үшін жай ғана спорт емес, өмірімнің бір бөлшегіне айналды. Бұл жол оңай болған жоқ. Күшім таусылатындай, кедергілер еңсерілмейтіндей болып көрінетін кездер де болды. Бірақ мұндай сәтте өзіме қарағанда маған көбірек сенетін адамдар жанымнан табылды", - деп жазды Эльжана Таниева.

    Спортшы сондай-ақ Әлия Юсупова бастаған жаттықтырушылар құрамына, ата-анасына және бүкіл мансап жолында қолдау көрсеткен барлық жақынына алғыс білдірді.

    "Бұл тарауды аяқтағаныммен, спортпен біржола қоштаспаймын. Маған берген барлық нәрсе үшін ризашылық білдіріп, алда әлі осындай қызықты сапар күтіп тұрғанына сенімдімін", - деді гимнаст.

    Үш дүркін Азия чемпионы атанған қазақстандық гимнаст спорттық мансабын аяқтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.