Спорт

Зектілері

АҚШ-тағы ұшақ апатынан ресейлік әлем чемпиондары қаза тапқан: ақпарат расталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Евгения Шишкова және Вадим Наумов. Фото
Евгения Шишкова және Вадим Наумов. Фото: Chris Cole/ALLSPORT/

Бостон мәнерлеп сырғанау клубының директоры Даг Зегиб Евгения Шишкова мен Вадим Наумовтың ұшақ апатынан қаза тапқаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды NBC News-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы оқиға Вашингтондағы Рональд Рейган әуежайының маңында болды. Жолаушылар ұшағы әуеде әскери тікұшақпен соқтығысып, кейін Потомак өзеніне құлаған. Ұшақ өткен аптада мәнерлеп сырғанаудан АҚШ чемпионаты өткен Канзас штатының Уичито қаласынан Вашингтонға бет алған.

Кейбір БАҚ ақпарат көздеріне сілтеме жасап, ұшақта ерлі-зайыпты Евгения Шишкова мен Вадим Наумов болғанын хабарлады. Зегиб олардың, сондай-ақ 14 мәнерлеп сырғанаушының өлімін растады.

Шишкова мен Наумов 2017 жылдан бері Бостондағы мәнерлеп сырғанау клубында жаттықтырушы болып жұмыс істеген. 1994 жылы Ресей құрамасының құрамында спорттық жұптар арасында әлем чемпионы атанды. Олар Олимпиада ойындарында екі рет өнер көрсетіп, төртінші және бесінші орындарды иеленген.

2001 жылы ерлі-зайыптының Максим Наумов есімді ұлы өмірге келді, ол қазір мәнерлеп сырғанаудан жекелей сында Америка Құрама Штаттары атынан өнер көрсетеді. Зегибтің айтуынша, Максим апатқа ұшыраған ұшақтың бортында болмаған.

Бұған дейін Вашингтон маңында апатқа ұшыраған ұшақтың бортында спортшылар мен жаттықтырушылар болғанын жазған едік. Сондай-ақ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Трампқа, қаза болғандардың отбасына және осы қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2216744-aqsh-tagy-ushaq-apatynan-reseilik-alem-chempiondary-qaza-tapqan-aqparat-rastaldy/