jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Екі елдің батыры": Шавкат Рахмонов бокстан Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионымен кездесті (фото, видео)

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

    Танымал қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов пен белгілі өзбек боксшысы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов кездесті. Олардың кездесу сәтінен кадрлар желіде тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Танымал қазақстандық файтермен түскен фотосын Баходир Джалолов Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған.

    Ол фото сипаттамасына: "Келесі жекпе-жегіңе сәттілік тілеймін, аға", - деп жазба қалдырған.

    Сондай-ақ боксшы Шавкат Рахмоновпен кездесу сәтінен видеоны да бөліскен. Видеодан олардың бірге ас ішіп, әңгіме айтып отырғанын байқауға болады.

    Шавкат Рахмонов та Instagram желісіндегі stories бөлімінде Джалоловпен кездескен сәтінен фото жариялаған.

    Өз кезегінде желі қолданушылары спортшыларға жылы лебіздерін жазып жатыр.

    "Екі елдің батырлары", "Қазақ пен өзбек достығы әрқашан мәңгі болсын", "Халықтар достығы", "Өзбек-қазақ жауынгерлері", " Биік белестерден көріне беріңдер ағалар", - деп жазған желі оқырмандары.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Баходир Жалоловтың биыл 6 ақпанға жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалған еді.

    Оның кезекті жекпе-жегі Канаданың Монреаль қаласында француз боксшысы Дэвид Спильмонтқа қарсы өтуі керек еді. Боксшылар тіпті ресми салмақ өлшеу рәсімін өткізіп үлгерген. Алайда кенет жекпе-жек тоқтатылған болатын.

    "Екі елдің батыры": Шавкат Рахмонов бокстан Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионымен кездесті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.