jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Танымал өзбекстандық боксшы Жалоловтың жекпе-жегі өтпейтін болды

    Баходир Жалолов шаршы алаңда
    Баходир Жалолов. Фото: olympic.uz

    Аса ауыр салмақтағы өзбекстандық боксшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы Баходир Жалоловтың 6 ақпанға жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды. Бұл туралы Kazinform агенттігі Өзбекстан кәсіпқой бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Агенттіктің жазуынша, Баходир Жалоловтың келесі жекпе-жегі 6 ақпанда таңертең Канаданың Монреаль қаласында француз боксшысы Дэвид Спильмонтқа қарсы өтуі керек еді. Боксшылар тіпті ресми салмақ өлшеу рәсімін өткізіп үлгерген.

    Алайда жекпе-жек тоқтатылған. Бұған Жалоловтың ерніндегі кішкентай ұшық себеп болған.

    Жалпы Баходир Жалолов кәсіпқой мансабында осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

    Дэвид Спильмонт осы уақытқа дейін 25 жекпе-жек (16 жеңіс, 18 жеңіліс, 1 тең ойын) өткізген. 11 жекпе-жегін нокаутпен жеңген.

    Айта кетейік, бұған дейін орта салмақта WBO және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болғанын хабарлаған едік.

    Қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жегін франциялық Анауэль Нгамиссенгуге қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жекте Әлімханұлы чемпиондық белдіктерін қорғайды.

    Жекпе-жек 5 сәуір күні Астана қаласындағы "Барыс Арена" мұз сарайында өтеді.

    Танымал өзбекстандық боксшы Жалоловтың жекпе-жегі өтпейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.