jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды

    Ұлан Рысқұл
    Ұлан Рысқұл. Фото: instagram.com/ulan_ryskul

    "Қазақстан барысы" турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды. Бұл туралы Жетісу облысының спорт басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Ұлан Рысқұл Жетісу облысының спорт басқармасын бұған дейін де басқарған еді. Бұл қызметке 2023 жылғы 16 наурызда тағайындалған болатын.

    Ұлан Рысқұл 1986 жылы дүниеге келген, білімі жоғары.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану, Д.А.Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетін қаржы, Аймақтық әлеуметтік-иновациялық университетін дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын Астана қаласында Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері комитетінің "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" РМҚК дзюдодан (ерлер) Қазақстан ұлттық штаттық командасының нұсқаушы-спортшысы болып бастаған.

    Әр жылдарда Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру агенттігінің дзюдодан (ерлер) Қазақстан ұлттық штаттық командасының нұсқаушы-спортшысы, Bagueri Asia ЖШС менеджері, "Халықаралық "Qazaq kuresi" федерациясы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің бас хатшысының кеңесшісі, бас хатшысы лауазымдарын атқарған.

    Сондай-ақ Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Іле ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" КММ директоры болған.

    Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.