jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы қалалық спорт басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

    Дархан Нұрханұлы
    Дархан Нұрханұлы. Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Алматы қалалық спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы қызметіне Дархан Нұрханұлы тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Дархан Нұрханұлы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің түлегі. Сонымен қатар қаржы саласында орта білім мен заң саласында жоғары білім алған.

    Еңбек жолын 2011 жылы құрылыс компаниясында жұмысшы ретінде бастаған. Мемлекеттік құрылымдарда жетекші маманнан бастап басшылық лауазымдарға дейін көтерілген.

    2020-2021 жылдары премьер-министрдің әлеуметтік даму, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мәселелері бойынша орынбасарының кеңесшісі болған.

    Кейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

    2022 жылғы тамыздан бастап жаңа тағайындауға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болған.

    Алматы қалалық спорт басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.