jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Діни үгіт-насихат жүргізуге салынған тыйым: туризм және спорт министрінің орынбасары түсініктеме берді

    Спортшы
    Спортшы. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстанда спорттағы әдеп ережелері қайта бекіді. Бірақ онда айтарлықтай ауқымды өзгеріс жоқ. Еліміздің туризм және спорт министрінің орынбасары ережедегі өзгерістерге тоқталды, деп хабарлайды 24.kz.

    Осыдан 5 жыл бұрынғы нормаға сай техникалық сипаты мен құжаттың мазмұны сол күйі сақталған. Тек терминдер нақтыланды. Сосын бұрынғы атауларға қазір басқаша анықтама беріледі. Мысалы, "ұлттық құрама команда" енді "Қазақстанның спорт түрі бойынша ұлттық құрама командасы" деп өзгертілді.

    Ал "бұқаралық ақпарат құралдары" орнына "масс-медиа" термині қолданылады. Сондай-ақ "спорт төрешісі" ұғымы енгізіліп, оның өкілеті мен кәсіби талаптары айқындалған.

    Дей тұрғанмен кей мәселенің мәнісін түсінбей даурығып жүргендер бар. Яғни ешкімнің діни сенім бостандығына шектеу жоқ. Тек спортта діни үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынған.

    "Нақты қағида жазылып тұр. Өзінің дінге байланысты көзқарасын басқа адамдарға насихаттап, басқа адамдарды тартуға болмайды. Неге десеңіз, себебі олимпиадалық хартияда жазылған. Ең бастысы Конституцияда жазылған. Сосын діни басқа заңдарда көзделген", - дейді туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев.

    Сондай-ақ құжатта спортшыларға әнұранның сөзін жатқа біліп, ырғағынан жаңылмауға тиістігі жазылған. Бұл ел азаматтығын алған спортшыларға қатысты да қатаң талап. Қорыта айтқанда, спорттағы мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру нормалары түзілген.

    Діни үгіт-насихат жүргізуге салынған тыйым: туризм және спорт министрінің орынбасары түсініктеме берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.