jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Астана әкімдігі Қазақстан – Уэльс құрамалары арасындағы матч алдында тұрғындарға жолдағы шектеулер туралы ескертті

    Қазақстан құрамасының ойыншылары
    Қазақстан құрамасының ойыншылары. Фото: instagram.com/kff_team

    Елорда әкімдігі "Астана Арена" стадионында өтетін Қазақстан – Уэльс құрамалары арасындағы матчқа байланысты тұрғындарға қаладағы қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілетінін ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Астана әкімдігі өкілдері бүгін, 4 қыркүйекте сағат 19.00-де "Астана Арена" стадионында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу матчы өтеді, онда Қазақстан мен Уэльс құрамалары ойнайтынын еске салды.

    "Қонақтарға ыңғайлы болу және матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Астана Арена" стадионы аумағында – "Алау" мұз сарайы мен "Сарыарқа" велодромынан бастап көлік қозғалысы шектеледі", - делінген хабарламада.

    Жол қозғалысына шектеулер матч басталардан бірнеше сағат бұрын күшіне енеді және ол аяқталғанша сақталады.

    Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

    Астана әкімдігі Қазақстан – Уэльс құрамалары арасындағы матч алдында тұрғындарға жолдағы шектеулер туралы ескертті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.