jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Бокстан әлем чемпионы Наталья Богданова да автокөлік сыйға алды (фото)

    Наталья Богданова
    Наталья Богданова. Фото: СҚО әкімдігі

    Солтүстік Қазақстан облысында бокстан әлем чемпионы Наталья Богдановамен оның бапкері Дастан Қабденовке құрмет көрсетілді, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен спорт саласының өкілдері қатысқан.

    Кездесу барысында өңір басшысы Натальяны айтулы жетістігімен құттықтап, оның бапкері Дастан Қабденовке кәсіби шеберлігі мен жанкешті еңбегі үшін алғыс айтқан.

    Наталья Богдановамен оның бапкеріне құрмет көрсетілді
    Наталья Богдановамен оның бапкеріне құрмет көрсетілді: СҚО әкімдігі

    Сондай-ақ боксшыға автокөлік, ал бапкеріне 3 миллион теңгенің сертификатын табыстаған.

    СҚО әкімі Дастан Қабденовке сертификат табыстап жатыр
    Ғауез Нұрмұхамбетов Дастан Қабденовке сертификат табыстап жатыр. Фото: СҚО әкімдігі

    "Натальяның таланты, табандылығы мен жанкешті еңбегі, сондай-ақ оның жаттықтырушысы Дастан Қабденовтың кәсібилігі мен өз ісіне деген адалдығының нәтижесінде, еліміздің көк байрағы тағы да халықаралық аренада биікке көтерілді. 

    Бұл жеңіс – жас спортшылар үшін үлкен үлгі әрі өңірімізде бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін беретін қозғаушы күш. Натальяның отбасы мен жақындарына шын жүректен алғыс айтамын! Бұл – үлкен жолдың бастауы ғана. Алда Наталья мен Дастанды әлі талай асулар күтіп тұр. Сәттілік тілеймін!" - деді өңір басшысы.

    Наталья Богданова бапкерімен
    Наталья Богданова бапкерімен. Фото: СҚО әкімдігі

    Айта кетейік, бокстан Англияның Ливерпуль қаласында өткен әлем біріншілігінде Наталья Богданова 70 келіде чемпион атанды. Ол ақтық сында австралиялық Лекейша Перголитиді жеңді.

    Спорттағы жоғарғы жетістіктері үшін Наталья Богданова мен Дастан Қабденов "Құрмет" орденімен марапатталды.

    Бокстан әлем чемпионы Наталья Богданова да автокөлік сыйға алды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.