jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    9 баланың әкесі 600 шақырымды бес күнде еңсеріп, рекорд орнатты

    Рауан Әбілханов
    Рауан Әбілханов. Фото: Қорғаныс министрлігі

    Астана қаласы аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов 600 шақырымдық супермарафонды еңсеріп, Астана – Көкшетау – Астана бағыты бойынша жаңа рекорд орнатты. Бұл туралы Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ведомствоның мәліметінше, марафонды бес күн бұрын елорданың "Көктал" саябағынан бастаған әскери қызметші Қорғаныс министрлігінің ғимараты алдында мәреге жеткен.

    Мұнда оны әскери оркестр, Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы, қызметтестері мен туған-туыстары салтанатты түрде қарсы алған.

    Рауан Әбілханов
    Рауан Әбілханов. Фото: Қорғаныс министрлігі

    Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров 3-сыныпты сержант Рауан Әбілхановтың бұл жетістігі әскери қызметшілердің рухын көтеріп, табандылығы мен патриотизмінің жарқын үлгісі болғанын атап өтті.

    Марафоншының өзі бұл рекордқа жету оңай болмағанын айтады. Дегенмен, Қорғаныс министрлігі басшылығының, командирлерінің, жақындары мен жерлестерінің, сондай-ақ көптеген қазақстандықтың қолдауы оған үлкен күш берген.

    Рауан Әбілханов
    Рауан Әбілханов. Фото: Қорғаныс министрлігі

    Ауа райының күрт нашарлауына қарамастан, ол күніне 120 шақырым жүгіріп, өте ауыр қашықтықты еңсере алған. Мақсатына жетуге деген табандылығы мен тұрақты жаттығулары Рауан Әбілхановқа қажетті қарқынды сақтап, жүгіруді жалғастыруға мүмкіндік берген.

    Әскери қызметші бұл рекордының арқасында бұған дейінгі ультрамарафон рекордтарын жаңартқан.

    Рауан Әбілханов
    Рауан Әбілханов. Фото: Қорғаныс министрлігі

    9 баланың әкесі армияда 20 жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді. 42 жастағы Рауан Әбілхановтың отбасында 8 қыз бен бір ұл тәрбиеленуде.

    Ол 15 жылдан астам уақыттан бері жеңіл атлетикамен айналысып келеді және Алматы қаласы мен Қарулы күштер ұйымдастырған марафондардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

    2022 жылы Рауан Әбілханов Алматы облысындағы "Әли" оқу орталығы мен Шелек ауылы арасындағы 350 шақырымдық қашықтықты 48 сағатта жүгіріп өтіп, Қазақстан рекордтар кітабына енген еді.

    9 баланың әкесі 600 шақырымды бес күнде еңсеріп, рекорд орнатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.