"Біздің дәуірдің аңызы": Головкин Джеки Чанмен кездесті (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында аңыз адамдар – бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әйгілі актер Джеки Чан кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің төрағасы әрі World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин Instagram-дағы парақшасында әлемдік кино жұлдызы Джеки Чанмен бірге түскен суретін жариялап, жазба қалдырды.
"Біздің дәуірдің аңызы – Джеки Чанмен кездесу", - деп жазды Головкин.
Фотодан Джеки Чанның қазақтың ұлттық шапанын мен тақиясын киіп алғанын байқауға болады.
Айта кетейік, бұған дейін XXV қысқы Олимпиада ойындарының гала-концертінде өнер көрсеткен Михаил Шайдоровты әйгілі қытайлық актер Джеки Чан құшақ жая қарсы алғанын жазған едік. Гала-концерттің құрметті қонағы спортшының өнерін жоғары бағалаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2346241-bizding-dauirding-angyzy-golovkin-dzheki-chanmen-kezdesti-foto/