Милан төрінде өнер көрсеткен Михаил Шайдоровқа әйгілі Джеки Чан ризашылығын білдірді (видео)
Жарияланған күні:
Читать на русском
Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров XXV қысқы Олимпиада ойындарының гала-концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Милан мұз айдынындағы гала-концертке 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ шақырылған өзге де мәнерлеп сырғанаушылар қатысты.
Шайдоров ерлер арасындағы жарыстың чемпионы ретінде қорытынды бөлімде ортаға шығып, өнерін паш етті. Танымал "Кунг-фу панда" образында өнер көрсеткен Шайдоров көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Шайдоровпен бірге жұптық мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлдегер, грузиялық спортшы Лука Берулава және "Кунг-фу панданың" қарсыласының рөлін сомдаған тағы бір мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсетті.
Костюмінің ауырлығына қарамастан, Шайдоров бірнеше элементті орындады.
Шайдоров өнер көрсетуіне аяқтап, мұз айдынынан шыққан кезде оны қолында ойыншық пандасы бар әйгілі қытайлық актер Джеки Чан құшақ жая қарсы алды. Гала-концерттің құрметті қонағы спортшының өнерін жоғары бағалаған.
Шоу соңында Михаил Шайдоров барлық қатысушымен бірге мұз айдынына тағы да шығып, көрермендерге құрмет көрсетіп, алғысын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шайдоров Олимпиада ойындарында еркін бағдарламада киген костюмін Олимпиада мұражайына тапсырған еді.
- Шаңғышы қыздар сынға түседі, Олимпиаданың жабылу салтанаты өтеді: 22 ақпандағы жарыс кестесі қандай
- Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Олимпиадада жетінші орын алды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2346226-milan-torinde-oner-korsetken-mihail-shaidorovqa-aigili-dzheki-chan-rizashylygyn-bildirdi-video/