jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл лауазымды қызметке тағайындалды

    Жазира Жаппарқұл
    Жазира Жаппарқұл. Фото: instagram.com/zhazira.zhapparkul

    Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұрынғы ауыр атлеттің жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат Amanat партиясының Шымкент қалалық филиалының желідегі парақшасында жарияланды.

    Куәлікті ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстаған.

    Тағайындау барысында сөз сөйлеген Мұрат Жолдыхожаев Жазира Жаппарқұлдың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға серпін беретінін атап өткен.

    Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.

    Өз кезегінде Жазира Жаппарқұл сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға бар күш-жігерін салатынын жеткізген.

    Естеріңізге сала кетейік, Жазира Жаппарқұл Рио-де-Жанейро өткен 2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақта күміс медаль иеленді.

    Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл лауазымды қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.