АҚШ-та қазақ боксшысының үйі өртенді (видео)
Жарияланған күні:
АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұратын қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды.Ол өрттің болған кезде үйде болғанын және ауызашарға баруға жиналып жатқанын айтты.
"Мен үйден күйген иісті сездім. Үйдегі адамдардан сұрадым: "Ештеңе жанған жоқ па, тамақ күйіп кетпеді ме?" Олар: "Жоқ, бәрі дұрыс" деді. Бір сәтте гаражды аштым, үйдің жартысы отқа оранған, айнала – қара түтін. Далаға шығып үлгердік", - деп жазды ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2351463-aqsh-ta-qazaq-boksshysynyng-uii-ortendi-video/