jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматы полициясы "Қайрат" – "Ақтөбе" матчына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтеді

    Полицейлер
    Полицейлер. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Алматыда "Қайрат" – "Ақтөбе" матчына байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды қалалық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Алматы қаласында "Қайрат" және "Ақтөбе" клубтары арасында футбол матчы өтеді. Осыған байланысты қала полициясы стадион аумағында және оған іргелес аумақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдап жатқанын еске салды.

    Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдиновтың айтуынша, спорттық іс-шара барысында қоғамдық тәртіп қатаң бақылауда болады.

    "Матч өтетін күні стадион мен оған іргелес аумақта қауіпсіздік шаралары барынша күшейтіледі. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосымша полиция күштері жұмылдырылады. Сонымен қатар матч өтетін аумақ толықтай тұрақты бақылауда болады", - деді ол.

    Сондай-ақ ведомство бастығы жанкүйерлерді стадиондағы тәртіп ережелерін сақтауға шақырды.

    "Футбол – эмоция, қолдау және өз командаңа деген адалдық. Алайда баршаға ортақ бір қағида бар: заң мен қоғамдық тәртіп кез келген эмоциядан жоғары", - деді Айдын Қабдұлдинов.

    Полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған кез келген әрекетке жедел тосқауыл қойылатынын ескертті.

    "Агрессия, арандату, балағат сөздер, қорлау, бұзақылық әрекеттер, сондай-ақ тыйым салынған заттарды пайдалану – мүлде жол берілмейтін әрекеттер. Мұндай жағдайларда полиция жедел шаралар қабылдайды. Құқық бұзушылар анықталып, әрбір дерекке құқықтық баға беріледі", - деді Алматы полициясының бастығы.

    Алматы полициясы "Қайрат" – "Ақтөбе" матчына байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.