jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Былтыр қайтыс болған қазақстандық бапкердің шәкірті Қазақстан чемпионы атанды

    Нұрбол Бердіғалиев
    Нұрбол Бердіғалиев. Фото: instagram.com/galymbek_zhaxylyk

    Өткен жылы маусымда құдыққа түсіп кеткен қызды құтқарамын деп, өзі де ажал құшқан ақтөбелік бапкер Нұрбол Бердіғалиевтің шәкірті Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды sportbugin.kz.

    Нұрбол Бердіғалиевтің шәкірті Бейбарыс Түзелбаев Қазақстан біріншілігінде чемпион атанды.

    "Былтыр еліміздегі еркін күрес әлемі орны толмас қайғыға ұшырады.

    Ақтөбе облысының Байғанин ауданында балуандар тәрбиелеп жүрген бапкер Нұрбол Бердіғалиев мезгілсіз қаза тапты.

    Ол құдыққа түсіп кеткен қызды құтқарамын деп, көз жұмды. Нұрбол саналы ғұмырын күреске, шәкірт тәрбиелеуге арнаған еді.

    Бүгінде оның төл шәкірті Бейбарыс Түзелбаев ел чемпионы атанды. Бапкері шәкіртінің бұл жеңісін көре алмай кетті.

    Орнында бар оңалар… Нұрболдың атағын оның шәкірттері шығарары сөзсіз", - делінген басылым жариялаған ақпаратта.

    Былтыр қайтыс болған қазақстандық бапкердің шәкірті Қазақстан чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.