Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді
Жарияланған күні:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Альпинизмдегі аса үздік жетістіктері, сондай-ақ елдегі спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Ерванд Тихонович Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", - делінген жарлық мәтінінде.
Қазақстанның альпинизм және құзға шығу порталындағы мәліметке сүйенсек, Ерванд Ильинский 1968 жылдан бері КСРО спорт шебері, ал 1982 жылдан бері халықаралық дәрежедегі спорт шебері және КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері.
Сонымен қатар ол басқа да атақтарға ие:
- 1973 жылдан бастап альпинизмнен ЦСКА аға жаттықтырушысы;
- 1975 жылдан бастап Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы;
- 1979 жылдан бастап КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Бапкерлік мансабында ол КСРО мен Қазақстан Республикасының 100-ден астам спорт шеберін, соның ішінде 33 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін және 23 еңбек сіңірген спорт шеберін дайындаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2357628-toqaev-ervand-ilinskiige-qazaqstannyng-engbek-eri-atagyn-berdi/