Қанат Ислам Бокс федерациясында басшылық қызметке тағайындалды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Танымал қазақстандық боксшы Қанат Ислам Қазақстан жастар құрамасының үйлестірушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елдің Бокс федерациясының мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Қанат Ислам бұдан былай отандық бокста жастар құрамасының жұмысын үйлестіріп, әлемдік аренадағы нәтижені жақсартуға үлес қоспақ", - деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.
Қанат Ислам 1984 жылы дүниеге келген. Кәсіпқой боксшы, WBA FedeCaribe тұжырымының чемпионы.
Әуесқой бокста Қытай командасының сапында Бейжің Олимпиадасының, әлем чемпионатының және Азия Ойындарының қола жүлдегері.
2010 жылдан бастап Қазақстан азаматы. “Астана Арландары” кәсіпқой клубы сапында өнер көрсеткен. Кәсіпқой бокста 30 жекпе жек өткізіп, оның 22-сінде нокаутпен жеңіске жеткен.
Еске салсақ, бұған дейін Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің Қазақстан бокс федерациясында жаңа лауазымға ие болғанын хабарлаған болатынбыз. Ол енді федерация президентінің кеңесшісі қызметін атқармақ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2357712-qanat-islam-boks-federatsiiasynda-basshylyq-qyzmetke-tagaiyndaldy/