jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Михаил Шайдоровтың жалақысына қатысты мәселе: министр кім жазаланғанын айтты

    Михаил Шайдоровты қарсы алу сәті
    Михаил Шайдоров. Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

    Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкіметте өткен брифингте Олимпиада чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың жалақысына қатысты мәселеге пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мырзабосыновтың айтуынша, Михаил Шайдоровтың келісімшартына қатысты мәселе толығымен шешілген.

    "Келісімшарттың шарттары түсіндірілді. Келісімшартқа қол қойылды. Бұл жерде келісімшарттың стандартты екенін атап өту маңызды. Оған тек Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар емес, барлық спортшы қол қояды. Сондай-ақ оның халықаралық тәжірибеге және допингке қарсы агенттік пен жоғарғы аудит палатасының ұсыныстарына сәйкес жасалғанын атап өткім келеді.

    Тіпті БАҚ қысым жасаса да, біз оны әрбір спортшы үшін бөлек әзірлей алмаймыз. Барлық келісімшартта бірыңғай ереже бар", - деді Ербол Мырзабосынов.

    Министр бұл мәселе спортшымен бірге қарастырылғанын, ал кейбір менеджерлер әкімшілік жазаға тартылғанын жеткізді.

    "Екі жақтан да коммуникацияда олқылықтар кеткен, дұрыс түсіндірілмеген. Салдарынан осындай жағдай болды. Сондықтан Михаилға қатысты мәселе толығымен шешілді деп санаймын. Бұл мәселеге нүкте қоюды ұсынамын.

    Спортшылардың жаңа маусымға дайындыққа назар аударуы өте маңызды. Тағы да айта кетейін, екі жақтың атқарушы менеджерлері түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбеген. Олар әкімшілік жазаға тартылды", - деп қосты министр.

    Сонымен қатар Мырзабосынов Шайдоровпен жасалған келісімшартта 2030 жылғы Олимпиада ойындарында міндетті түрде медаль жеңіп алу туралы тармақ қалатынын айтты.

    "Келісімшарт стандартты және спортшылармен жасалған барлық келісімшартымыз міндеттемелерді қамтиды. Олар Олимпиада ойындарына қатысқан спортшылар болсын немесе рейтингісі төмен спортшылар болсын, міндеттемелер бар. Михаил Шайдоровтың командасы АҚШ-та жаттығып жатыр. Екі айлық оқу-жаттығу жиыны болады. Келісімшарт қандай да бір қаражатты қайтаруға міндеттемейді", - деді Ербол Мырзабосынов.

    Сондай-ақ министр Шайдоровқа жүлде қоры да жақын арада төленетінін атап өтті.

    Естеріңізге сала кетейік, Михаил Шайдоров Тимур Балымбетовтың Youtube-каналына берген сұхбатында Олимпиадағы жеңісінен кейін бес айдан бері жалақы алмағанын айтқан еді. ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы бұған қатысты түсініктеме берді.

    Дегенмен спортшының бұл мәлімдемесі қоғамда қызу талқыға түсті. Кейінірек Михаил мәселені нақтылап, жағдайды түсіндірді.

    1 маусымда туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Шайдоровқа қатысты мәселе толық шешілгенін хабарлады.

    Михаил Шайдоровтың жалақысына қатысты мәселе: министр кім жазаланғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.